Саясаткер тelegram-каналына "Ресейде жұмыс істеу үшін, орыс тілін білуі міндетті, ал Өзбекстанда тұрып жатқан ресейліктерге неге өзбек тілін білу маңызды емес?" деп жазды.
Ол бұл пікірін Ресей думасының спикері Вячеслав Володиннің "Ресейге тек орыс тілін білетін, оның дәстүрін құрметтейтін адамдардың келіп жұмыс істегені маңызды" деген мәлімдемесіне жауап ретінде айтты.
Кадыровтың пікірінше, Өзбекстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдері де өзбек тілін білуі қажет.
Алишер Кадыров - төменгі палатаның вице-спикері. Ол қаңтар айының соңында мектептерде орыс тілі пәнінің сағатын азайту керек деген мәселе көтерген.