Мәліметке қарағанда, олар колледж ғимаратына орналастырылған.
Осының алдында Махамбет ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі шұғыл штабы Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім шығарған. Адамдарды көшіру әлі біткен жоқ.
Биліктің мәлімдеуінше, Жайық өзенінің деңгейі Индер және Махамбет аудандарында қауіпті межеден асып кеткен.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі шұғыл штабы 14 мамырда таңертең соңғы мәліметті жариялап, Жайық өзенінде су әлі көтеріліп жатқанын хабарлады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев үкіметтің сейсенбілік отырысында су басқан аймақтардан барлығы 119 мыңға жуық адам көшірілгенін айтты. Оның ішінде 44 мың бала бар.
Қазір 55,6 мың адам үйге қайтқан. «Бес мыңға жуық азамат эвакуация пукнтерінде, 58 мыңнан астам туыстарының үйінде тұрып жатыр» дейді Бозымбаев.
Вице-премьер мәліметінше, елде 12 908 үйді су басқан. 264 үй әлі суда тұр. Бұған қоса, 25 921 саясай учаскесі, соның ішінде 18 025 коттеджді үйді су басқан.
20 мыңнан астам отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем алды. Оларға барлығы 7,5 миллиард теңге төленді. 680 отбасы материалдық шығынға батқаны үшін 362 миллион теңге көмек алды.
568 отбасы баспанасын жөндеуге 710 миллион теңге жұмсалды. Аймақтарда су тасқыны шығынын есептеу жұмыстары жүріп жатыр.