Ссылки доступа

Ұшақ бортында шу көтерген мас ресейлік Ташкентте ұсталды


Мәскеу-Ташкент рейсінің бір мас жолаушысы ұшақ бортында шу көтерген. Ресей азаматы әуежайда құқық қорғау органдарына тапсырылды. Өзбекстан жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Әзиз Обидов мәліметті растады.

Оның айтуынша, 12 мамырда сағат 15:40 шамасында Ресей азаматы – 39 жастағы А.М. мас болып, Ташкент-Мәскеу бағыты бойынша рейске шыққалы тұрған ұшақ бортында төбелескен.

Оның үстінен хаттама толтырылып, Ташкент қалалық сотына жолданды. Ресейлік азамат «ұсақ бұзақылық» жасады, «ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамады» деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды.

13 мамырда сот шешімі шығып, ол үш тәулікке қамалды. Бұған қоса, оған 340 мың сум (27 доллар) айыппұл салынды.

XS
SM
MD
LG