Ссылки доступа

Зерттеу: Өзбекстан президентінің күйеу баласымен таныстығы арқасында миллиондаған табыс тапқан жұмбақ компания


Азаттықтың Өзбек қызметінің «Газды қымбатқа жеткізіп, миллиондаған доллар тапқан компанияның Мирзияев отбасымен байланысы бар» деп аталатын зерттеуді жариялағанына екі аптадан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында зерттеу видеосын YouTube’тан бір миллионна астам адам көріп, мыңдаған пікір жазды.

Зерттеуде газ саласында тәжірибесі жоқ бір компаниясына газ тасымалын сеніп тапсырғаны, оның Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаровпен байланысы бары сөз болған.

Ultimo Group Limited компаниясы газ тасымалына қатысты құпия келісімдердің арқасында миллиондаған доллар табыс тапқан. Бұны Өзбекстан энергетика секторындағы сыбайласқан жемқорлықтың бір мысалы деп қана қарастыруға болады.

Материал жарияланардан бір апта бұрын Азаттықтың Өзбек қызметі Өзбекстан президенті әкімшілігіне, энергетика министрлігіне, «Өзбекмұнайгазға», «Өзтрансгазға», сонымен бірге осы зерттеуде аты-жөні аталатын бірнеше компания мен адамға сауал жолдаған.

Тухфат Әнуарқожаевтан басқаларының ешқайсы ол сұрақтарға жауап бермеді. Ultimo Group Limited компаниясының екі қожайынының бірі Әнуарқожаев фирманың Умаровпен байланысы барын жоққа шығарды.

Зерттеу жарияланғанына екі аптадан астам уақыт өтсе де, Өзбекстанның сыбайласқан жемқорлықпен күреске жауапты мемлекеттік мекемелері ешқандай әрекетсіз отыр.

Азаттық зерттеу жария болған соң онда аты аталған бірнеше адам әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жауып тастады.

Өзбекстандағы танымал блогерлер де осы тақырыпты айналып өтуге тырысады. Олар мұндай мәселені көтеру блогерлер үшін қауіпті екенін жасырмайды.

(Азаттық зерттеуінің толық нұсқасын мына сілтемемен өту арқылы оқыңыз)

XS
SM
MD
LG