Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі жұмыртқа импортын жарты жылға шектеуді ұсынды


Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа импортына уақытша тыйым салуды ұсынды. Министрлік қаулы жобасын халық талқылау үшін жариялаған.

Құжат жобасына сәйкес, жұмыртқа импортын жарты жылға шектеу қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай шектеу енгізу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұруды көздейді.

Мекеме мәліметінше, Қырғызстанда жұмыртқа өндіретін жүзден астам тіркелген, сонымен бірге 60-тан астам тіркелмеген шағын кәсіпорын бар. 2023 жылы олар 1,2 млрд данатан астам жұмыртқа шығарған. Ұлттық статистика жөніндегі комитет мәліметінше, былтыр жұмыртқа қатты қымбаттаған тауарлар қатарына енген.

XS
SM
MD
LG