Ссылки доступа

Өзбекстан алтын сатудан әлемдегі лидер ел болды


Өзбекстан биыл наурыз айында әлемдегі ең көп алтын сатқан ел болды. Әлемдік алтын кеңесінің (World Gold Council) мәліметіне сәйкес, өлке наурызда 11 тонна алтын экспорттап, бұл көрсеткіш бойынша Таиланд (10 тонна) пен Иорданиядан (төрт тонна) асты.

Ақпаратқа қарағанда, наурызда Түркияның Орталық банкі 14 тонна, Үндістан мен Қытай 5 тоннадан, Қазақстан мен Сингапур төрт тоннадан алтын сатып алған.

Өзбекстан биыл ақпанда да 12 тонна алтын экспорттап, бұл көрсеткіш бойынша әлемде алдыңғы орынға шықты.

2023 жылы Өзбекстан 25 тонна алтын сатып, ең көп алтын экспорттаған елдердің арасында екінші орынға шыққан.

Өзбекстанның Статистика агенттігінің баяндамасына сәйкес, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 2,6 миллиард долларға (жалпы экспорттың 41,7%) алтын экспорттаған.

Бұл былтырғы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткішке қарағанда 10,5% көп. 2023 жылдың алғашқы үш айында 2,4 миллиард долларға алтын сатқан.

XS
SM
MD
LG