Ссылки доступа

Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1,6 мың доллардан беріледі


Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің әрбіріне 20 миллион сумнан (1,6 мың доллар) бір реттік ақшалай сыйлық ретінде беріледі. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.

Құжатта бұл қаражат Өзбекстанның мемлекеттік бюджетінен бөлінетіні айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, ақшалай сыйлық соғыстың қатысушыларына салтанатты түрде тапсырылады.

Өзбекстанда былтыр соғыс ардагерлеріне 1,4 мың доллардан берілген.

Елдің қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың 6 мамырындағы мәлімет бойынша, 174 ардагер бар.

XS
SM
MD
LG