Сот мәліметінше, олардың бәрі революцияға, совет үкіметіне қарсы әрекет жасады, қарулы көтеріліске қатысты, терроризм, бандитизм және тыңшылықпен айналысты, сонымен бірге Қарақалпақстан Республикасы аумағында, Ташкент, Ферғана, Хорезм, Бұхара, Жизақ және Наманган облыстарында «басмаштар» ұлт азаттық қозғалысына қатысты деген айыптармен қудаланған.
2020 жылғы 8 қазанда Өзбекстанда қуғын-сүргін құрбандарының өмірі мен қзыметін зерттейтін республикалық жұмыс тобы құрылған.
Осы топ репрессия құрьандарын ақтау жөнінде ұсыныс айтқан. Жазықсыз қудаланған адамдар есімі ғылымы зерттеу барысында анықталған.
Былтыр Өзбекстан Жоғарғы соты 1929-1931 жылдары совет жүйесі кезінде бес қылмыстық іс бойынша репрессияға ұшыраған 240 адамды ақтап шыққан.
Жалпы Жоғарғы сот осы күнге дейін совет уақытында қудаланған 1,31 мың адамды ақтады.