Ссылки доступа

Тәжікстанда ІІМ басшысының бауыры, президент сақшысының ұлы жаңа қызметке тағайындалды


Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданың туған бауыры Рахмонали Рахимзода Тәжікстан президенті жанындағы Есірткі заттарын бақылау агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Тиісті жарлыққа тәжік президенті 6 мамырда қол қойды.

Осыған дейін Рахимзода Тәжікстанның кеден қызметінде істеген.

Тағы бір жарлықпен Эмомали Рахмонның күзет қызметінің басшысы Мурод Саидовтың ұлы Дилшод Саидзода қаржы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

6 мамырда Тәжікстанның шетелдегі бірқатар дипломатиялық өкілдіктерінде және басқа мемлекеттік мекемелерде де кадрлық өзгерістер болды.

Мирзошариф Жалолов "басқа қызметке ауысуына" байланысты Тәжікстанның Жапониядағы елшісі қызметіне тағайындалды. Оның орнына елдің сыртқы істер министрінің орынбасары болып істеген Фарход Салим тағайындалды. Ол 2014-2020 жылдары Тәжікстанның АҚШ-тағы елшісі болған.

Хисрав Сохибзода Тәжікстанның Катардағы елшісі қызметінен босатылып, оның орнына Нурмурод Махмадали тағайындалды. Сонымен бірге Тәжікстанның Египеттегі және Пәкістандағы жаңа елшілері де тағайындалды.

XS
SM
MD
LG