Сот мәліметінше, Мадумаровтың апелляциялық шағымы «арыз түсіру мерзімі өтіп кеткендіктен» кері қайтарылған.
Мадумаров 29 сәуірде Бішкек қалалық сотына апелляциялық шағым түсірген. Ол Бірінші май аудандық сотының шешіміне арызданған. Аудандық сот саясаткерді 2000 жылы қырғыз-тәжік шекарасы жөнінде хаттамаға қол қою арқылы мемлекетке опасыздық жасады деп таныған. Бұған қоса, Орталық сайлау комитеті Мадумаровтың депутаттық мандатын алып қойған.
ОСК 26 сәуірде осындай шешім қабылдаған уақытта Бірінші май аудандық сотының үкіміне сүйенген. Бір ай бұрын, 26 наурызда аудандық сот саясаткерді кінәлі деп таныған. Сот Мадумаровқа қылмыс уақыты өтіп кетуіне байланысты жаза қолданбаған. Сол себепті саясаткердің қорғаушылары жоғары инстанцияға апелляциялық шағым түсірмеген. Мадумаров сот залында босатылған.
Адахан Мадумаров 2023 жылғы қыркүйектен бері қамауда отырды. Оны Жогорку Кеңеш саясаткерді қылмыстық жауапқа тартуға рұқсат еткеннен кейін ұстаған.