Осыған дейін әлеуметтік желілерде қазақ-орыс шекарасының өткізу бекеттерінде, Мәскеу әуежайларында қырғыз және тәжік азаматтарының кіргізілмей жатқаны хабарланған.
Агенттік мәліметінше, мекеме өкілдері Мәскеудегі "Внуково", "Шереметьево" және "Домодедово" әуежайларымен байланысып, өзбек азаматтарына Ресей аумағына кіруде ешқандай мәселе болмағаны анықталған.
Бұдан бөлек олар Орынбор, Самара және Саратов облыстарындағы өткізу бекеттерімен де хабарласып, ондағы жағдаймен танысқан.
"Өзбекстан азаматтарының Ресейге еш кедергісіз кіргізіліп жатқаны белгілі болды", - деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.