Ссылки доступа

Тәжікстанның еңбек министрлігі де өлке азаматтарына Ресейге бармай тұруға шақырды


Тәжікстанның еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрлігі өлке азаматтарын Ресейге бармай тұруға шақырды.

Мекеме таратқан мәліметке қарағанда, еңбек министрі Гүлнора Хасанзоданың жарлығымен арнайы жұмыс тобы құрылып, олар 1 мамырдан бастап Тәжікстан әуежайында жолаушыларға түсіндіру жұмысын бастайды.

Жұмыс тобы сонымен бірге жолаушыларға Ресейдің мигранттарға қатысты заңдары мен нормалары, патент алу, уақытша тіркеуге тұру, еңбек келісіміне отыру секілді мәселелер бойынша мәлімет береді.

Осының алдында Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі де азаматтарына уақытша Ресейге бармай тұруды ұсынған.

Наурыз айында Мәскеу түбіндегі "Крокус сити" концерт залында болған жарылыстан кейін тәжікстандықтарға бақылау күшейді. Теректіге кінәлі делініп ұсталғандардың дені тәжік азаматтары болған.

XS
SM
MD
LG