Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселені шешу жолында жер алмасуы мүмкін


Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін шешу үшін жер алмасу жолдарын да қарастырып көруге болады. Бұл жөнінде Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманкулов ұлттық "Кабар" агенттігіне берген сұқбатында айтты.

Оның сөзінше, Баткен облысындағы шекара халық тұратын жерлерден, көшелерден өтетіні қиындық туғызып жатыр.

"Бұл өте ауыр компромисс жолы. Онсыз болмайды. Келісімге келу керек. Онсыз болмайды. Мүмкін болса, жер алмасу жолын қарау керек. Әрине, жергілікті тұрғындармен сөйлесуіміз керек", - деді Иманкулов.

Осыған дейін қырғыз-тәжік шекарасының белгіленбеген жерлерінде жанжалдар болып келген. Соңғы жолы екі ел 2021 жылы және 2022 жылы қарулы қақтығысты бастан өткізді.

Онда екі тараптан да бейбіт халық пен шекарашылар қаза тапты.

Екі ел арасындағы шекара қашықтығы 970 шақырымнан асады.

XS
SM
MD
LG