Ссылки доступа

Тәжікстанның оңтүстігіндегі диқандар топырақтың сорлануына шағымданды (видео)


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Тәжікстанның оңтүстік өңірлеріндегі диқандар топырақтың сорлануымен күресіп жүр.

Шаруалардың айтуынша, су тартатын арналарды тазалау үшін мемлекет көмегі қажет, себебі жергілікті диқандардың ондай ақшасы жоқ.

Соған байланысты аймақтағы құнарлы топырақ күн өткен сайын тозып барады.

72 жастағы диқан Құрбон Сафаров өзі игеріп жүрген жердің болашағына алаңдайды. Жер сорланып бара жатыр. Су тартатын арналардың таза еместігінен топырақ тұздана бастаған. Соның салдарынан егін бітік шықпай, диқандар да зардап шегеді.

«Арықтарты тазартсақ, топырақ суының деңгейі бір жарым метрге төмендейді, сөйтіп сорлану азаяды. Сонда ғана жақсы түсім болады. Бірақ арықтар екі жылдан бері тазаланбаған» дейді Сафаров.

Топырақтың сорлануы – Вахш алқабындағы диқандардың көп мәселесінің бірі ғана. Жергілікті шаруалардың ауыл шаруашылығы техникасы аз, сол себепті олар егінді уақытылы салып, өнімді дер кезінде жинай алмай жүр.

Тәжікстанда диқан шаруашылығы жеке қолда, мемлекет оларға қолдау көрсетпейді. Диқандарға шаруаны жақсартуға ешқандай жеңілдік жасалмаған.

Тәжікстанның Хатлон облысы елдегі ең ірі ауыл шаруалығы өңірі. Мұнда пияз, картоп, қарбыз, мақта және басқа да өнімдер өсіріледі. Өңірде мыңдаған диқан шаруашылықтары бар. Олардың көбі мемлекет көмегіне зәру.

XS
SM
MD
LG