Мантуровтың сөзінше, құрылыс үшін Жызақ ауданындағы Тузкан көлінің жерін таңдаған. Инженерлік зерттеулерді аяқтап, атом электр станциясын құру үшін осы аймақ лайық деп саналған.
АЭС іске қосу 2033 жылға жоспарланған. Жоба құны 11 миллиард долларға бағаланып отыр.
Ташкент пен Мәскеу Өзбекстанда атом электр станцияларын салу бойынша әріптестік келісімге 2018 жылдың қыркүйегінде қол қойған. Станция Өзбекстан қаражатына және Ресейдің мемлекеттік несиесіне салыну жоспарланған.
Атом электр станциясын салу туралы мәліметтер шыққаннан бері өзбек қоғамы бұл жобаның экологияға қаншалықты әсер ететінін талқылап жатыр.