Ссылки доступа

Өзбекстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына жолдама алды


Жас футболшылар (U-23) арасындағы Азия кубогының жартылай финалында Өзбекстан құрамасы Индонезияны 2:0 есебімен жеңді.

Алғашқы таймда есеп ашылмады. Екінші таймда Өзбекстан бір гол жіберіп алды, бірақ қарсылас команда шабуылшысы ойыннан тыс қалғандықтан гол есептелмеді.

Матчтың 68-минутында Өзбекстан құрамасы шабуыл ұйымдастырып, Норчаев есеп ашты.

84-минутта Индонезия құрамасының қорғаушысы алаңнан қуылды, ал екі минуттан соң тағы бір ойыншысына өз қақпасына гол соғып алды.

Жартылай финалда жеңіске жеткен Өзбекстан құрамасы финалда Жапония-Ирак матчының жеңімпазымен кездеседі.

Тимур Кападзе басқаратын өзбек командасы Орталық Азия футбол құрамалары арасында алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысады.

Азия кубогының финалы 3 мамырда өтеді.

XS
SM
MD
LG