Ссылки доступа

Өзбекстан мен Ауғанстан 44 млн доллардың экспорт келісімдеріне қол қойды


Ауғанстан іскер өкілдері Өзбекстанға үш күндік сапары аясында жергілікті компаниялармен 44 млн доллардың экспорт келісім-шарттарына отырды.

Бұл туралы Өзбекстан сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сауда палатасының мәліметінше, Ауғанстан жыл сайын 7 миллиард доллардың өнімін импорттайды. Ауыл шаруашылығы, азық-түлік, мақта-мата, тері өнімдері, электр құрылғылары және құрылыс материалдары сұранысқа ие.

Биыл Ауғанстан халқы 34,9 миллион адамға жетті.

Келіссөздер барысында Өзбекстан-Ауғанстан іскерлік кеңесі құрылды. Оған көрші елдің алдыңғы қатарлы 18 компаниясы кірді.

Кеңес екі елдің іскер топ өкілдерінің байланысын арттырады, жаңа инвестиция тартуға көмектеседі.

XS
SM
MD
LG