Одан кейінгі орында 14,60% дауыс (3 233) жинаған Ильичбек Эргешов тұр. Үшінші орынға Бекболот Арзибаев 13,68% (3 028) дауыспен келеді.
Қара-Су округында 36,16% (7 601 адам) дауыспен Илимбек Кубанычбеков жеңді. Екінші және үшінші орынды Турдубек Орунбаев 17,28% (3 633 адам) пен Сталбек Ажимаматов 12,76% (2 682 адам) иеледі.
Екі округта тең дауыс бергендер 20% жетпеді. Ош округында сайлаушылардың 18,41% (23 078 адам), Қара-Су округында 18,77% (21 023 адам) ғана келді.
Бішкек қалалық әкімшілік соты 27 сәуірде үміткер Бекмурза Эргешовті жарыстан шеттету шешімін жойған.
ОСК Эргешовті 26 сәуірде жарыстан шеттеткен. Оған талапкерлердің "Эргешов әкімшілік ресурс қолданып жатыр" деген арызы себеп болған.
Осыған дейін тәуелсіз журналист Ыдырыс Исаков бірқатар шенеуніктер және оның қарамағындағы қызметкерлер Эргешовтің штабында жүргені туралы видео жарияланған.
Бұл видео жарияланғаннан кейін арнайы комиссия құрылып, бірқатар адамдар жазаға тартылғаны белгілі болған.