Ссылки доступа

Қырғызстан соты белсенді Қаныкей Аранованы араздық туғызды деп танып, оған айыппұл салды


Бішкек қаласы Бірінші май аудандық соты белсенді Қаныкей Аранованы «билікті күшпен басып алуға үндеді», «араздық туғызды» деп таныды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот Аранованы 120 мың сом айыппұл төлеуге міндеттеп, қамаудан босатты. «Қамауда ұстау шарасы жойылды, ол сот залында босатылды, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды» деп хабарлады сот.

Белсенді Қаныкей Аранова 2024 жылғы 1 ақпанда Мәскеуде ұсталды. Содан кейін оны 11 жастағы қызымен бірге Қырғызстанға жеткізді.

Аранова әлеуметтік желілерде танылған белсенді. 2022 жылғы күзде оны жауапқа тартқан. Милиция белсендіні блогер деп атаған. Сол кезде ол Кемпір-Абад су қоймасы жерлерін беру мәселесіне қатысты пікірін айтқан. Үзген аудандық соты белсендіні «ұсақ бұзақылығы» үшін қоғамдық жұмысқа тартқан.

XS
SM
MD
LG