Ссылки доступа

Германияда Орталық Азиядан шыққан жеті адамға терроризм бойынша айып тағылды


Германияның федералды прокуратурасы Орталық Азиядан шыққан жеті адамға террористік ұйымдар құрды, ИМ тобын қолдады деген айып тақты.

Бұл жөнінде мекеме сайтында айтылған.

Ұсталғандардың арасында екеуі Түркіменстан және Қырғызстаннан келген болса, бесеуі Тәжікстан азаматы болған.

Мекеме мәліметінше, айыпталушылар Германияға Украинадан 2022 жылдың көктемінде барған. Олар шабуыл жасаймыз деген ғимараттарды жіті зерттеп келген. Ұсталғандардың ИМ тобының Ауғанстандағы ИМ-Хорасан тобымен байланыста болғаны айтылады.

Бұдан бөлек айыпталушылар 2022 жылдың сәуір айында және 2023 жылдың мамыр айында ИМ үшін бірнеше мыңдаған еуро жинаған.

XS
SM
MD
LG