"Власть" басылымы телеграм-арнасының жазуынша, оны биыл қаңтарда Азаттық радиосын қолдап, ProTenge парақшасында пост жариялағаны үшін бөлімшеге апармақ. Бұдан бұрын, 9 сәуірде мәдениет және ақпарат министрлігі ProTenge-нің Азаттық туралы постын бөліскені үшін журналист Асхат Ниязовтың үстінен де арыз берген. Жақында оны "жала жабу" бабымен әкімшілік жауапқа тартуы мүмкін.
Ол постта ProTenge басылымы билік аккредитация бермей қойған Азаттық тілшілерін қолдаған.
Маричеваны кешкісін көшеде жүгіріп бара жатқан ұстаған.
"Кешкісін жүгіріп бара жатасың, ал сені учаскелік полицей қуып жетіп, әкімшілік хаттамамен танысуыңды өтінеді. Меніңше бұл керемет" деп жазды Маричева Facebook-те.
Журналист Жәмила Маричева – Қазақстан Журналистер одағы байқауының лауреаты, ал оның ProTenge жобасы журналистік зерттеулерімен белгілі. Онда көбіне Қазақстан шенеуніктерінің негізсіз шығындары, мемлекеттік органдардағы күмәнді тендерлер туралы айтылады.