Қазақстанның бірнеше аймағы көктемгі су тасқынынан зардап шегіп жатыр.
Орал қаласында құрылыста, сауда істейтін қырыққа жуық тәжік мигранты асарға шықты. Олар жергілікті тұрғындармен бірге су басуы мүмкін жерлерде тұратын адамдарға көмектесті.
Тәжікстандықтардың тағы бір бөлігі асарда жүрген азаматтарға ыстық тамақ жеткізді. «Біз жерлестерді көмекке шақырдық. Асарға қатыса алмайтындар ақша аударды. Біз 200-300 адамға тамақ ұйымдастырдық» дейді Фарход Сатторов.
Жексенбі күні Жайық өзенінің деңгейі 8,5 метрден асып, қауіпті мөлшерге жеткен. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері тұрғындарды тез арада эвакуациялады. Орал қаласында бірнеше үйді су басты.
Бірнеше күн бұрын Қазақстанда тұратын тәжікстандықтар 100 тоннадан астам азық-түлікті тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жолдаған.
Ресми мәлімет бойынша, апат аймағынан 119 мыңнан астам эвакуацияланған.