Ссылки доступа

Тәжікстан мен Өзбекстан жүк көліктерін өз аумақтарында өткізуді жеңілдетпек


Тәжік-өзбек шекарасындағы бекет
Тәжік-өзбек шекарасындағы бекет

Тәжікстан мен Өзбекстан жүк көліктерін екі ел аумағында ресми рұқсатсыз өткізуді көздейтін құжатқа қол қойды.

18 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапары барысында халықаралық автокөлік қатынасы туралы келісімге қатысты хаттама қабылданған. Құжатты 23 сәуірде Тәжікстан көлік министрлігі жариялады.

Министрлік мәліметінше, 2018 жылдан бастап осы күнге дейін екі ел арасында жүк алып өту үшін рұқсат қағаз қажет болған. Енді мұндай қағаз көрсету талап етілмейді.

Естеріңізге сала кетейін, биыл қаңтардың аяғында жүк көліктерін жүргізушілер тәжік-өзбек шекарасынан өту қиындағанын мәлімдеген.

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында 13 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Тәжікстан көлік министрлігінің мәліметінше, былтыр кем дегенде 8 млн долларға шекарадан жүк алып өтуге 80 мыңға жуық рұқсат қағаз берілген.

XS
SM
MD
LG