Ссылки доступа

Тәжікстанда бубон обасы індеті шығу қаупі ескертілді 


Тәжік билігі бубон обасы қаупінің жоғары екенін ескертіп, туристік компанияларға елдің ең көрікті жерлерінің бірі болып саналатын Сарытаг аймағына турлар ұйымдастырмауға шақырды. Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады.

Редакция Туризмді дамыту комитеті 28 наурызда туристік компанияларға жіберген мазмұнымен танысып шықты. Онда өткен ғасырда Айни аймағындағы Сарытаг ауылында бубон обасы шығып, 250 адамның өмірін алғаны, оның ішінде науқастарды қараған дәрігерлер де болғаны айтылған.

Осы жағдайдан кейін Тәжікстанда мұндай індет қайта тіркелген емес.

Бұл індет бүрге шаққанда, онымен байланыста болған адамдар арқылы және ауа арқылы тарайды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда бұл індеттің екі ошағы бар: біріншісі Айни ауданының Сарытаг аймағында, екіншісі Жергетал ауданындағы Лахш ауылында. Бұл жерлерге жыл сайын эпидемияға қарсы тиісті шаралар жүргізіліп тұрады.

XS
SM
MD
LG