Ссылки доступа

Тәжікстанда тасқын су қаупінен бірқатар ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді


Хуросонский район. Лето 2020 г.
Хуросонский район. Лето 2020 г.

Тәжікстанда сел және жер көшу қаупінен 10 мыңдаған отбасы қауіпсіз аймаққа көшуге кезекте тұр. Олардың көбі елдің оңтүстік аймағында тұрады.  

Хатлон облысы Хуросон ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Муродбек Муродов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атындағы ауылда 67 жаңа үй салынып, қауіпті деп саналатын Нъематулло Асадулло ауылынан 900 адам көшірілгенін жеткізді.

Билік елде қауіпті деп саналатын тағы жүзден астам жер бар екенін айтады.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстанда 2000-2017 жылдары 45 мың адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, олар үшін жаңа үй салып берген.

Елде 2023 жылы 550-ден астам табиғат апаты тіркеліп, 51 адам қаза болған.

БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы баяндамасында Тәжікстан қауіпті аймақ ретінде аталған.

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 1992 жылдан 2016 жылға дейін Тәжікстанда болған табиғат апаттарынан 1,8 миллиард доллар шығын келген.

XS
SM
MD
LG