Ссылки доступа

Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барады


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 24-25 сәуір күндері мемлекеттік сапармен Әзербайжанда болады. Бұл туралы президент әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің басшысы Мұратбек Азымбакиев хабарлады.

Оның айтуынша, Садыр Жапаров осы сапары кезінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылайды. Келіссөздер аяғында бірлескен декларация қабылданады.

Қырғызстан президенті былтыр 24 қарашада Бакуде болып, Әлиевпен кездескен. Содан бір ай бұрын Әлиев Бішкекке келіп, ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысқан.

XS
SM
MD
LG