Провайдерлердің кейбірі «түрлі әдістермен мобильді байланыс ақысын көтеруге тағы талпынып жатыр» деп хабарлады мемлекеттік мекеме.
Дегенмен нақты қай компаниялар екені, бағаны қаншаға өсіргісі келетіні айтылмады. Провайдерлердің өздері әзірге бұл туралы ресми ақпарат таратқан жоқ.
Байланыс қызметі тарифтердің көтерілгеніне қарсы екенін мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтардың аяғында «Мегафон», «Вавилон» және Тcell 1 ақпаннан тастап тарифтар мен қызмет ақысы өсетінін жариялаған.
Сол кезде байланыс операторлары электр энергиясы қымбаттағанын сылтау еткен. Тәжікстанда жарық бағасы 1 қаңтарда көтерілгені мәлім.
Қоғам наразылығынан кейін Тәжікстан байланыс қызметі «бұған жол бермейтінін» мәлімдеген. Мекеме 24 қаңтарда кешке мобильді байланыс операторларының әрекетін сынап, бұрынғы тарифтерді қалдыруды талап еткен. Ертесіне үш компания бағаны көтеру жөніндегі шешімінен бас тартқанын жариялаған.