Ссылки доступа

Ташкентте мектеп қорына ақша жинаған мұғалім жұмыстан шығарылды


Ташкент қаласы Юнусабад ауданында №257 орта мектеп мұғалімі білім мекемесінің қорына оқушылардан ақша бопсалағаны үшін жұмыстан шығарылды. Қалалық білім басқармасы осындай мәлімет таратты.

Бұның алдында жергілікті басылымдар №257 мектепте ата-аналардан 25 мың сум ($2) жинап жатқанын хабарлаған.

Ташкент білім басқармасының мәліметінше, жұмыс тобы орта мектепті тексерген.

Заңға қайшы әрекеті үшін мұғаліммен арадағы еңбек келісім-шарты бұзылды. Мұғалім жұмыстан шығарылды.

XS
SM
MD
LG