Оның сөзінше, 15 жүк көлігіне тиелген көмек президент Шавкат Мирзиявтің тапсырмасы бойынша әзірленген. Көмекті Қазақстанға президенттің кеңесшісі Турсинхан Худайбергенов бастап бара жатыр.
Ақпаратқа қарағанда, гуманитарлық көмектің құрамында азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар, көрпе-төсек, шатыр, қайықтар, тағы басқа қажетті заттар бар.
"Газета.uz" басылымының жазуынша, Қазақстанға жіберілген көмектің жалпы бағасы 10 миллиард сумды құрайды.