Ссылки доступа

Ана мен екі баланың денесі Самарқандағы су арнасынан табылды


Өзбекстанның Самарқанд облысында жас келіншек пен екі кішкентай баланың денесі табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, келіншек балаларымен бірге үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған. «Қасақана кісі өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Бас прокуратура мәліметінше, 15 сәуірде Самарқанд облыстық милициясына бір ер азамат арызданған. Ол 24 жастағы келіні екі Самарқандағы үйінен екі баласымен кетіп қалғанын айтқан.

16 сәуірде таңертең Даргом су арнасында кәмелет жасқа толмаған екі баланың, кейін әйелдің де денесі табылды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, Самарқанд тұрғыны балаларымен бірге суға кеткен. Өз-өзіне қол жұмсау себебі белгісіз.

Тайлақ аудандық прокуратурасы «қасақана кісі өлтіру» қылмысы негізінде іс қозғады.

XS
SM
MD
LG