Бұның алдында анонимді telegram-арнада Астана мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы мәлімет тараған. Автор шабуылдың 19 сәуірде болатынын, «мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайын екенін» айтқан. Жазбалармен бірге қару суреттері жүктелген.
Астана полициясының хабарлауынша, тиісті органдар білім мекемелерін тексеріп шыққан. Бұған қоса, полиция «қала мектептеріндегі терроризм қаупі туралы» ақпарат жалған екенін хабарлаған.
Полиция департаменті тұрғындарға сабырлық сақтап, тек қана ресми ақпаратқа сенуге кеңес берді. Полиция жалған мәлімет таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын да ескертті.
Ақпан айында Қарағандыда мектепке шабуыл жасалатыны туралы мәлімет жариялаған бір жасөспірімді ұстаған. Күдікті жалған мәліметті telegram-арна арқылы таратқан.