Мәліметке қарағанда, құпия өткел арқылы адамдар мен тауарларды Өзбекстанға заңсыз өткізіп келген.
5 сәуірде милиция Қырғызстан шекарасынан заңсыз өткен өзбек азаматын ұстады. Тексеру барысында ол көрші елге жерасты жолы арқылы өткені анықталған.
12 сәуірге қараған түні Жалалабад облысы Ноокен ауданында жергілікті бір тұрғын ұсталды. Ол қырғыз-өзбек шекарасында заңсыз жол ұйымдастыру арқылы ақша тапқан.
«Күдікті үйінде 87 қорап есірткі затын сақтаған. Олардың әр қорабы 30 мың доллар тұрады» деп хабарлады Ош милициясы.