Ақпаратты Канибадам әкімдігіндегі дереккөз растады.
"Ерлі-зайыпты Гафуржон Ортиков ауылының "Вокзал" аймағында тұрды. Әзірге оларға не себептен қол жұмсағаны белгісіз. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр", - деді дереккөз.
Канибадам қаласында орналасқан Соғды облысы жергілікті ішкі істер басқармасы бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын білдірді.
"Оқиғаны қазір прокуратура тексеріп жатыр", - деді мекеме өкілі.
Марқұмдардың аты-жөні белгісіз.