29 елдің ішінде ең төмен "демократия ұпайлары" бар деп Түркіменстан (1,00), Тәжікстан (1,04), Әзербайжан (1,07) және Ресей (1,07) көрсетілген.
Қазақстан жеті баллдан 1,29 балл алған. Былтыр елдің демократиялық ахуалына 1,32 балл берілген.
Қырғызстан 2005 жылдан бері демократиясы төмендеген он елдің қатарына енген. Ресей, Тәжікстан және Әзербайжанмен бір сапта тұр.
Өзбекстан да автократия тамырлаған ел деп танылып, қазіргі президент Шавкат Мирзиявтің 2040 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік беретін заңды қабылдағанымен түсіндіреді.