Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев ресми сапармен Тәжікстанға барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 18-19 cәуірде ресми сапармен Тәжікстан астанасында болады.

Бұл туралы «Азия-Плюс» ақпарат агенттігі Тәжікстан сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстан елшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Өзбекстанның Душанбедегі елшілігінің хабарлауынша, сапар барысында Шавкат Мирзияев тәжік әріптесі Эмомали Рахмонмен кездесіп, Өзбекстанның Тәжікстандағы мәдени күндеріне қатысады.

Кейбір мәліметке қарағанда, Душанбеде Мирзияевтің қатысуымен Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтеді.

Мирзияев бұған дейін Душанбеде былтыр қыркүйекте болған. Сол кезде ол Орталық Азия елдері жетекшілерінің саммитіне қатысқан.

Тәжікстан мен Өзбекстан кейінгі 20 жылда күрде қарым-қатынасты бастан өткерді. 2016 жылғы күзде билікке Шавкат Мирзияев келгеннен кейін жағдай күрт өзгерді. Бірақ көршілес екі ел де кейінгі уақыттары бейбіт жиындарды күшпен таратып, журналистер мен блогерлерді қудалағаны үшін жиі сынға ұшырап жүр.

XS
SM
MD
LG