Ссылки доступа

Өзбекстан президенті электромобиль импортына шектеуді алып тастауды сұрады


Өзбекстандағы электромобиль автосалондарының қожайындары президент Шавкат Мирзияевтің электромобиль импортына шектеуді алып тастауды сұрағанын telegram-арналарда жариялады.

Автосалондар иелерінің пікірінше, үкіметтің импорттау жөніндегі шешімінен мыңдаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Айта кетерлік жайт, осы шектеуді президент Шавкат Мирзиевтің өзі енгізген. Оның электромобиль импортын шектеу жөніндегі жарлығы 18 наурызда жарияланған.

Осы жарлықтан кейін кәсіпкерлер елдегі «400-тен астам фирма тығырыққа тірелгенін» мәлімдеген. Олардың айтуынша, 2023 жылы кәсіпкерлер 630 млн долларға 21 мың электромобиль импортталған.

XS
SM
MD
LG