Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Таяу Шығыстағы бірнеше елдің әуе кеңістігі жабылған, оның үстіне Өзбекстанның әуе авиация билігі жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек деп шешкен.
Ұшпай қалған рейстің жолаушылары Uzbekistan Airways Sales филиалдарына немесе әуе компаниясының шетелдегі бөлімдеріне жүгіне алады.
14 сәуірге қараған түні Иран Израильді жүздеген зымырамен және дронмен атқылады. Израиль қорғаныс күштері олардың 99 пайызы құлатылғанын хабарлады. Артынша Израиль әуе кеңістігін уақытша жапты. Әлемнің әуе компаниялары аймақ елдеріне Иран мен Ирак арқылы ұшатын бағыттарды өзгертіп жатыр.