Ссылки доступа

Мәскеуде рейд кезінде іздеудегі 22 адамның ұсталғаны хабарланды


Свердлов облысында 900-дан астам бұрынғы мигрант әскери тіркеуге алынды. Бұл жөнінде Интерфакс агенттігі хабарлады.

Әскери комиссарлары Свердлов ауданының бірқатар қалаларында Ресей азаматтығын алып, бірақ әскери тіркеуде тұрмаған адамдарды анықтау мақсатында рейд жүргізген.

Агенттік тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлағандай, 2024 жылдан бері Свердлов ауданы аймағында рейд кезінде бұл санаттағы 1340-тан адам анықталып, оларға бірден әскерге шақыру қағазы берілген.

Таяуда Ресей азаматтығын алған 920-дан астам адам тіркеуге алынған, олардың ішінен 130-дан астамы Ресейдің Қарулы күштері қатарына алынған.

Мұндай рейдтер Екатеринбург, Нижний Тагил, Первоуральск, Богданович және Сухой Лог қалаларындағы еңбек мигранттары көп топталған жерлерде – азық-түлік базарларында, жатақханаларда жүргізілген.

Бұдан бөлек Ресейден жүздеген мигрант депортацияланатыны хабарланды.

"Интерфакс" полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 22 адамды да анықтағанын мәлімеді.

XS
SM
MD
LG