Ссылки доступа

«Елден шығара көрмеңіз!» Тәжік белсендісінің әйелі Литва билігіне хат жазды


Сулаймон Давлатов
Сулаймон Давлатов

Тәжікстанның саяси белсендісі Сулаймон Давлатовтың әйелі Литва президентіне хат жазып, күйеуін Душанбеге экстрадицияламауды сұрады.

Литва қауіпсіздік органдары 5 сәуірде Давлатовты Литваға қауіп төндіретін әрекет жасады деген күдікпен ұстаған. Іске құпия мөрі басылған.

Тәжік босқының әйелі Хурматбибі Рахматшоева күйеуін кінәсіз деп есептейді.

«Мен хат жаздым. Оның Тәжікстанға экстрадицияласа, оны елде қатаң жаза, тіпті өлім күтіп тұр. Біз адам құқықтарын құрметтейтін Литваға босқын болып келдік. 2015 жылдан бері тәжік билігі күйеуімді «24 топ» ұйымына мүше болғаны үшін қудалап жүр» дейді Рахматшоева.

Әлеуметтік желілерде дін тақырыбын жиі көтеретін, Тәжікстан билігін сынайтын Сулаймон Давлатов 5 сәуірде ұсталған. 9 сәуірде Литва бас прокуратурасы «Давлатов террористік ұйым мүшелерімен араласқаны үшін Литваға қауіп төндіреді» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG