Ссылки доступа

Тәжікстан Италияда ұсталған азаматы туралы мәлімет берді


Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Италияда тәжік азаматының ұсталғаны туралы БАҚ-та тараған мәліметке пікір білдірді. Ақпаратта Римде 32 жастағы Илхом Сайрахмонзода Тәжікстандағы ішкі істер министрлігінің өтініші бойынша ұсталғаны айтылады.

Мекеме мәліметіне сәйкес, "аты-жөні аталған адам 2018 жылдың маусым айынан бері бірқатар террористік-экстремистік қылмыстар жасағаны үшін ресми іздеуде жүрген".

Қазір Сайрахмонзоданы Тәжікстанға экстрадициялау бойынша барлық шаралар қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Италия полициясы Тәжікстанның бұл азаматы он жыл бұрын Сирияға соғысқа барғанын, ол жерде ИМ тобына ант бергенін мәлімдеген. Ол 8 сәуірде Эйндховенден (Голландия) ұшып келіп, Римдегі Фиумисино әуежайында ұсталған.

Италия полициясы мәліметіне сәйкес, ол жасанды төлқұжаттармен жүрген.

XS
SM
MD
LG