Мекеме мәліметіне қарағанда, ол 2 сәуірде "есірткі затын заңсыз жасап, сатты" деген күдікпен қамауға алынған.
СІМ Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі оған құқықтық көмек беру мәселесін қарастырып жатқанын, "Ресейдің құқық қорғау органдары Нұрмұхаммед Токобаевты Украинадағы соғысқа баруға мәжбүрлегені" туралы мәліметтің расталмағанын білдірді.
20 жастағы Нұрмұхаммед Токобаевтың анасы Гүлсанам Зулпукарова Азаттыққа қайрылып, ұлы Мәскеуде есірткі сатуға күдікті ретінде қамалғанын, 2 сәуірде әкесіне телефон соғып, құқық қорғау қызметкерлері "Украинаға барасың деп" айтқанын жеткізген. Ол ұлының кінәсіз екенін айтып, қырғыз билігінен көмек сұраған.
Нұрмұхаммед Токобаев - Ош қаласының тұрғыны. Былтыр қараша айында Мәскеуге жұмыс істеуге кеткен.
Басында құрылыс саласында істеп, соңғы бір айда қосымша курьерлік іске де араласып, тамақ, зат, түрлі бұйымдарды айтылған деректерге тасып жүрген.
Ресейде түрмеге кесілген Қырғызстан азаматтарының көбі есірткіге байланысты айыпталғандар.
Ресми мәліметке байланысты, бұл елде есірткі саудасына байланысты 2020 жылы 191, 2021 жылы 324, 2022 жылы 614 қырғыз азаматы абақтыға кесілген.
Осыған дейін Ресейде түрмеде жатқан қырғызстандықтар Украинадағы соғысқа азғырылып барған оқиғалар болған.