Азаттықтың Өзбек қызметінің журналистерімен сөйлескен имамдар мұны «Крокус Сити Холл» концертіне залына жасалған шабуылмен байланыстырды. Олардың пікірінше, билік имамдарды бақылауды күшейтіп жатыр.
3 сәуірде Өзбекстандағы мешіттердің бәрінің имамдары діни басқармадан хат алған. Хат Ташкент қалалық бас имамының көмекшісі Ергаш Рустамовтан келген.
«Біз имам-хатибтер мен наиб имамдардың бәрінің шетелге шығатын паспортын (қызыл паспорт) жинастырып жатырмыз. Сосын оларды билік өкілдеріне тапсырамыз. Паспорттарды жинауға аудандардың имам-хатибтері жауапты!» деп жазылған бұл хатта.
Ергаш Рустамовтың айтуынша, паспорттар «мәліметтерді тіркеу үшін» керек.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйекте Өзбекстан үкіметінде премьер-министр Абдулла Әріпов пен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің төрағасы Абдусалом Әзизов жиналыс өткізген. Онда елде «діни радикализация күшейіп бара жатқаны» айтылған.
Дереккөз мәліметінше, сол жиналыста Әріпов шенеуніктерден «не дінді, не мемлекеттік қызметті» таңдауды талап еткен.
Осы жиналыстан кейін Өзбекстандағы мешіттердің бірқатарында азан даусы бәсеңдетілген.