«Қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 5 сәуірінен бастап Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе бағыттарындағы әуе қатынасы уақытша тоқтайды» деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Осындай шешім қабылдауға 2 сәуірде Татарстандағы Елабуга және Нижнемаск қалаларындағы нысандарға дрондар шабуылдауы себеп болды.
26 наурызда әуе компаниясы 1 сәуірден бастап Ақтөбеден Қазанға әуе жолы ашылатынын хабарлаған. Рейстер аптасына екі мәрте – дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асуы керек болған.
Ресейлік агенттіктердің мәліметінше, Елабугаға жасалған шабуылдан кем дегенде 14 адам зардап шегіп, сегіз адам ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында шетелдің, соның ішінде Қырғызстан, Шри-Ланка, Зимбабве, Руанда, Конго, Кения, Нигерия және Оңтүстік Судан азаматтары да бар.
Украина алғаш рет Татарстан аумағына дрондармен шабуылдады. Украин-ресей шекарасынан осы республикаға дейінгі қашықтық 1000 шақырымнан асады.