Өзбекстанның ішкі істер министрлігі 31 наурызда автокөлік төлемдерінің бағасын көтеру жөнінде бұйрық шығарған.
Жаңа бұйрыққа сәйкес, 1 сәуірден бастап электромобилдер, мототранспорттар және жүк тиегіштерін тіркеу және қайта тіркеу төлемі 15 есеге, яғни 40 долларға өскен. Қалған барлық көліктерге төлем 68,4 есеге, яғни 180 долларға қымбаттаған.
Ішкі істер министрлігі тарифтердің қымбаттауының себебін айтпады.
Әлеуметтік желі қолданушылары төлемдердің қымбаттағанына наразылық білдірді.
"Бұл Өзбекстанның экономикасы өте нашар екенін көрсетіп тұр. Бұл төлемдерді көбейту арқылы сыртқы қарыздарды жауып жатыр", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылардың бірі Бехзоджон Шодиев.