Министрлік мәліметінше, Қырғызстанның А.Ж.А есімді азаматына «терроризмді көпшілік алдында ақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі қажет болып жатса, қырғыз азаматына қылмыстық іс аясында көмек көрсетеді. Мәселені СІМ мен Ресейдегі елшілік бақылап отыр.
«Крокус Сити Холл» концерт залындағы теракт 22 наурызда болды. Сол кезде төрт адам концерт залына басып кіріп, адамдарды атқан. Содан кейін ғимаратта жарылыс болып, өртене бастаған. Шабуыл салдарынан 144 адам қаза болған.
Он адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың дені Тәжікстан азаматы.