Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, спортшы екі танысымен қаладағы дәмханалардың бірінше кездескен. Таныстарының бірі Авлакуловқа 50 мың сум бергенін, сондықтан тамақ үшін ақшаны ол төлеуі керек екенін айтқан.
Самбошы оған 50 мың сумын қайтарып беріп, кешкі тамақтың ақысын толық төлемейтінін жеткізген. Осыдан кейін екеуі сөзге келіп, серігі көлігінен қолдан жасалған тапаншасын алып, Авлакуловты атып, қашып кеткен.
Күдікті ұсталған. Басынан ауыр жарақат алған самбошы ауруханада көз жұмған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.