Ссылки доступа

Өзбекстанда жол апаты үш адамның өмірін алды


Жол апатынан кейін өрт шығып, жүргізуші әйел мен жанындағы екі баласы қаза болған.

27 наурызда Сұрхандария облысы Сары-Асый ауданында болған жол апатынан үш адам қаза болғанын облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, жүргізу куәлігі жоқ 41 жастағы әйел Nexia көлігін жүргізіп жүрген. Ол қатты жылдамдықпен келе жатып, бетонға соқтығысқан.

Апаттан кейін көліктен өрт шыққан. Нәтижесінде әйел мен жасы кәмелетке толмаған екі баласы қайтыс болған.

Көліктің ішінде тағы бір бала және марқұмның жақын туысы ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

XS
SM
MD
LG