Мұндай бастаманың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару, қалада автокөлік тығынын азайту, қоғамдық көлікті дамыту.
Экология министрлігі астана тұрғындарының бәрін осы акцияға қатысып, қоғамдық автокөлік, велосипед және басқа да экологиялық қауіпсіз көлік түрлерін таңдауға шақырды.
Осы күні республикада атқарушы биліктің басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келіп, халыққа үлгі көрсетуі тиіс.