Арнайы қызмет мәліметінше, Матраимовты Бішкекке Әзербайжаннан ұшақпен жеткізген. Мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, Матримов «адамды еркіндігінен айырды», «қылмыстан түскен табысты заңдастырды» деген күдікпен ұсталған.
Бұған қоса, арнайы қызмет Райымбек Матраимовпен бірге оның үш бауыры – Руслан, Тілек және Исламбек ұсталғанын растады.
Матраимов Әзербайжанда жүргенін ҰҚМК 23 наурызда хабарлаған. Арнайы қызмет биыл қаңтардың аяғында оған іздеу жариялаған.