Ссылки доступа

Тәжікстан үкіметі азаматтардың телефонмен әңгімесін тыңдайды деген сыбысты жоққа шығарды


Тәжікстан байланыс қызметі азаматтардың телефонмен, мессенджерлермен әңгімелерін тыңдайды, сонымен бірге әлеуметтік желілерді тексереді деген сыбыстарды жоққа шығарды.

Байланыс қызметі мобильді операторлар абоненттері мен азаматтарға «мұндай фейк мәліметтер мен қауесетке сенбеуге» кеңес берді.

Тәжікстанда азаматтардың телефонмен әңгімелерін тыңдайды деген сыбыс бұрын да көтерілген. 2014 жылы ағылшынның Privacy International үкіметтік емес ұйымы Тәжікстанда полиция арнайы құрылғының көмегімен азаматтардың телефон әңгімелерін тыңдайды деп хабарлаған.

Тәжікстан Конституциясы азаматтарға хабар алмасуды құпия сақтауға кепілдік береді. Мұндай құқық соттың рұқсатымен ғана шектеледі.

XS
SM
MD
LG